Алматыда әлемге әйгілі жұлдыз – Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Бұл көптен күткен музыкалық оқиғалардың бірі болмақ. Ұйымдастырушылар залдың схемасы мен билет бағаларын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, билеттер бағасы таңдалған секторға байланысты 40 000 теңгеден 180 000 теңгеге дейін болады:

  • VIP standing (сахнаның алдындағы жасыл аймақ) – 180 000 теңге;
  • FAN ZONE (сахна маңындағы қызғылт сары аймақ) – 120 000 теңге;
  • DANCE FLOOR (фан-зонаның артындағы қызғылт аймақ) – 90 000 теңге.

Залда орналасқан стационарлық орындар келесі баға санаттарына бөлінген:

  • 160 000 теңге – 2, 3, 4, 5, 36-секторлар (сахнаға қарама-қарсы);
  • 120 000 теңге – 6, 7, 11, 12, 13, 34, 35-секторлар;
  • 100 000 теңге – 32, 33, 46, 47-секторлар;
  • 90 000 теңге – 14, 44, 45-секторлар;
  • 80 000 теңге – 8, 9, 30, 31-секторлар;
  • 60 000 теңге – 15, 16, 19, 20, 40, 41, 42, 43-секторлар;
  • 40 000 теңге – 18–28-секторлар (жанындағы және алыс қатарлар).

Ұйымдастырушылар барлық билет бағасына 10% сервис алымы қосылатынын ескертеді.

Сондай-ақ билет сатылымы басталғанда үздік орындарды алу үшін қай сектордан алғыңыз келетінін алдын ала шешіп қою ұсынылады.

Еске салайық, бұған дейін Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне қатысты түпкілікті шешім қабылданғанын жазған едік.