Алматыға "Пафос" футбол клубының ойыншылары келіп жетті. Олар 2025 жылдың 21 қазанында оңтүстік астананың орталық стадионында "Қайрат" командасымен кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 20 қазанда Кипр клубының Instagram-дағы парақшасында жарияланған ақпараттан белгілі болды.
"Ұзақ сапар, көңілді көңіл-күй және құшақ жая қарсы алған Алматы!", делінген видео сипаттамасында.
Видео астына пікір қалдырған қазақстандықтар "Пафос" футболшыларына құрмет білдіріп, белсенділік танытуда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Pafos FC Official (@pafosfc)
Бұған дейін Алматыда полиция қауіпсіздік шараларын күшейткені хабарланған болатын.