«Орта державалар рөлінің артуы халықаралық қатынастардың заманауи жүйесін қалыптастыруға, жаһандық бейбітшілік пен орнықты дамуды қамтамасыз етуге ықпал етеді». Сенат төрағасы Сарапшылар клубының Qalam медиажобасымен бірлескен отырысында осылай деді.
Жиынға сингапурлық дипломат Кишор Махбубани қатысты. Басқосуда «Азия дәуірінің» басталуы туралы тұжырым мен орта державалардың жаңа мүмкіндіктері сөз болды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Шын мәнінде, қазіргі таңда Азия әлемдік экономика мен саясаттағы негізгі күштердің біріне айналып келеді. Орта державалардың тұрақтылық, теңгерім және прагматизмді ілгерілетуші ретіндегі ықпалы да артып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орта державалардың рөлін одан әрі арттырудың маңызына назар аударып, бұл қазіргі таңдағы нақты қажеттілік екенін атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан теңгерімді диалог пен араағайындық идеяларын халықаралық деңгейде дәріптей отырып, әлемдік істерде сындарлы рөл атқаруға ұмтылады.
Кишор Махбубани, Ли Куан Ю Атындағы мемлекеттік саясат мектебінің негізін қалаушы:
- Экононмикалық өсім – Қазақстанның басты артықшылығы. Сонымен қатар елдің бай тарихы мен бірегей мәдениеті әлем назарын аудартуға ықпал етеді. Осы құндылықтарды дәріптеу керек. Бұл Қазақстанның қарыштап дамуы үшін маңызды.