Елімізде Қазақстан есімді қанша азамат бар? Ұлттық статистика бюросы Республика күні қарсаңында қызықты мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде Қазақстан есімді 28 азамат бар.
Олардың көпшілігі Қарағанды облысында (7 адам) және Ақмола облысында (6 адам) тұрады.
Қостанай облысы мен Астанада әрқайсысында Қазақстан есімді 3 азамат, Алматы мен Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында әрқайсысында 2 адам бар.
Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір-бір азаматтан тұрады.
28 адамның ішінде тек бір әйелдің есімі – Қазақстан.
Жас ерекшеліктері бойынша ең қарт Қазақстан есімді тұрғын 92 жаста, ең жасы 25-те.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз