Жаңа жылдан бастап жаңартылған Салық кодексі күшіне енеді. Енді бизнеске түсетін әкімшілік жүктеме бұрынғыдан айтарлықтай азаймақ. Әсіресе шағын және орта бизнес үшін салық мөлшерлемелері төмендейді. Кәсіпкерлердің еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік беріліп, тексеріс жүргізілмейді .
1 қаңтардан бастап шағын және орта бизнес өкілдері камералдық бақылаудан алынып тасталады. Бұл жаңа салық кодексіндегі жеңілдіктің бірі. Кәсіпкерлерге салықтық тексерулер жүргізілмейді. Оған қоса сот органдарына тіркеуді, қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы талап-арыз беру тоқтатылады. Ережедегі ерекшеліктің бірі, енді кәсіпкер келер жылдың 1 сәуіріне дейін негізгі салық қарысын төлесе, оған салынған өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеуден босатылады.
Ержан Біржанов, ҚР Қаржы Вице-Министрі:
- 30%-ға бізде салық нысаналары қысқарады. 20%-ға салық түрлері қысқарып жатыр. Одан кейін айыппұлдардан босатып жатырмыз. Егер, нысананы уақытылы тапсырмаса. Және бастапқы өзгеріс сервистік қағиданы іске асыру. Бақылау фнкуцияларын азайтып, көбіне көбек көрсету, кеңес беру функцияларын ұлғайту.
Жаңа кодексте жеңілдетілген салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлері 44-ке дейін қысқартылды. Бұл бұрын шектеулі болған кәсіп түрлері көбейіп, бірнеше бизнес жеңілдетілген салықпен жұмыс істей алады деген сөз. Жаңа жылдан бастап салық әкімшілігі микро және шағын есептерді жаңадан бастайды.
Айтуар Қошмамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің пепутаты:
- Бұл дегеніміз – салықтың мөлшері емес, үйреншікті өмір тәртібі. Кәдімгі кәсіпкер үйренгендей өмірін жалғастыра беруі керек. Егер оның өмірі өзгеріп жатса, қарым-қатынастары үзіліп жатса ол кәсібін жабады немесе көлеңкелі экономикаға кететін қауіп бар.
Үкімет құжатты экономиканы жақсарту үшін жаңа шаралар қабылдай отыра Президент тапсырмасы бойынша дайындады. Ондағы өзгерістер мен жеңілдіктер кәсіп иелеріне жан-жақты түсіндірілуде.
Жанар Сүлейменова, кәсіпкер:
- Егер бұрын тыйым салынған қызмет түрлері саны 795 болса, енді оларды 44-ке дейін қысқартылып, салықтық жеңілдік көп кәсіпкерлікке қолжетімді болды. Бұл расында да біз секілді шағын және орта кәсіп иелері үшін үлкен жеңілдік. Әсіресе жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлердің аяққа тұрып, кәсібін дөңгелтуіне берілген мүмкіндік деп есептеймін. Сондай-ақ ең күрделі мәселенің бірі, жиі жүргізілетін камералдық және жоспардан тыс текерістен босатылдық.
Жаңа кодекс бойынша түсіндіру жұмыстары жыл соңына дейін елдегі барлық өңірде тоқтаусыз жүргізілетін болады. Бұл шараға министрлік, жергілікті атқарушы орган өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғам белсенділері тартылады. Кездесуге қатысушылар жаңа құжат бойынша өз сұрақтарына жауап ала алады.