Әлеуметтік желіде Шымкент қаласының инфекциялық ауруханасында түсірілген видео тарап, ел ашуын тудырды. Оқиғаға қатысты әкімдік өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды Otyrar телеарнасы.

Қызу талқы тудырған видео Telegram желісінде жарияланған. Бейнежазбада кейбір науқастардың еденде жатқанын көруге болады. Видео авторы әйелдер мен балалар аурухана дәлізінде ем қабылдап жатқанын айтты.

Әкімдік өкілдері жағдайға қатысты пікір білдіріп, бұл уақытша қиындықтар күрделі жөндеу жұмыстары салдарынан орын алғанын хабарлады.

"Аурухананың он бөлімінің сегізі қауіпті инфекцияларға қарсы көмек көрсету бойынша тәулік бойы қызмет етеді. Палаталар 2-4 адамға арналған.

Науқастардың жаппай түсуі кезінде адамдарды уақытша дәлізге орналастыру санитарлық нормаларды бұзбайды. Бұл шешім Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысына сәйкес қабылданды. Санитарлық талаптар мен дәрігерлер этикасының бұзылуы анықталған жоқ", — деді әкімдік қызметкерлері.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз