Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдағы Ningbo Open турнирінің финалына шықты, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

Ширек финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы әрі әлемдік рейтингінде 9-нөмірлі Елена италиялық Жасмин Паолиниді (рейтингте 8-орын) жеңді.

Ойын екі сетте Еленаның пайдасына 6:3, 6:2 есебімен аяқталды.

Еленаның финалдағы қарсыласы әзір анықталған жоқ. Ол параллель кездесуде өзара ойнайтын ресейліктер Диана Шнайдер мен Екатерина Александрова арасындағы матчтің жеңімпазы болады.

Айта кетейік, Қытайдағы Ningbo Open турнирінің жүлде қоры — 1 064 510 доллар. Турнир жеңімпазы 164 мың доллар алады.

Турнирдің алғашқы ойынында Қазақстанның үздік теннисшісі тартысты ойында украиналық Даяна Ястремскаяны жеңген еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget