Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Франция ашық чемпионатының жекелей сындағы алғашқы айналымынан сәтті өтті. Ол австралиялық Джеймс Даквортты жеңіп шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерлер құрамасының көшбасшысы әлемдік ATP рейтингінде 92-орында тұрған қарсыласын аса қиындықсыз, үш сетте ұтты — 6:2, 6:4, 6:4.
Александр Бублик 1 сағат 49 минутта жеңіске жетті. Оны келесі айналымда әлемнің тоғызыншы ракеткасы — тағы бір аустралиялық Алекс де Минор күтіп тұр.
Осылайша, қазіргі таңда Франциядағы жекелей сында бақ сынап жатқан барлық қазақстандық теннисшілер әзірге сәтті өнер көрсетіп жатыр.
Еске салайық, Қазақстандық "лаки-лузер" Шевченко "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымына өткенін жазған едік.