Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевқа қатысты қозғалған рейдерлік басып алу ісі бойынша сот шешімі жойылды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұған дейін мәжіліс депутаты Ринат Зайыт өзінің депутаттық сауалында Нұрбол Назарбаевқа тиесілі компанияларды тексеруді талап еткен болатын. Депутат Ермұрат Бәпи де осы мәселені көтеріп, сауал жолдады.
"Қарағанды тұрғыны Қуат Ерментаев та үндеу жолдап, Нұрбол Назарбаветың рейдерлік жүйесі бойынша тартып алынған кәсібін қайтаруды сұрап отыр. Бұл жағдайдан кейін ер адам бар мүлкінен айырылыған", — деді Бәпи.
Бас прокурор Берік Асылов бұған дейін Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті Қуат Ерментаевқа тиесілі "Porus" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 16 пайыздық үлесті заңсыз қайта тіркеу фактісі бойынша іс қозғағанын хабарлады. Алайда тергеу нәтижесінде 2024 жылғы 22 ақпанда қылмыстық іс құрамның болмауына байланысты тоқтатылған еді.
"Сотқа дейінгі тергеу материалдарын зерделеу және Қуат Ерментаев ұсынған дәлелдерді ескере отырып, 2025 жылғы 9 қазанда бұрын қабылданған шешімнің күші жойылды. Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті көрсетілген фактілерді жан-жақты және объективті тексеруге бағытталған қосымша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", — деді Асылов.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз