Аумақты өңдеу 27 мамырда басталады.

Қарағанды облысында шегірткемен күресу шаралары қабылданып жатыр, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 мамырдан бастап табын түрлеріне қарсы алқаптарды химиялық өңдеу жүргізіледі, ал 27 мамырда шоғырланып жүретін жәндіктерді жою жұмыстары басталады. Жағдайды бақылау және мониторингілеу үшін жедел штаб жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әнуар Төлебековтың айтуынша, облыста 5,4 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерлерін зерттеу көзделген.

"Ақтоғай ауданының тұрғындары әлеуметтік желілерде зиянкестер қаптап кеткеніне шағымданды. Бұл облыстық штабтың оқиға орнына барып, шегірткемен күрес жұмыстарын бақылауды күшейтуге себеп болды. 21 мамырда ауданда фитосанитариялық диагностика және аумақтық инспекция мамандарының қатысуымен көшпелі кеңес өтті. Іс-шаралар қабылданды. Техника дайын, қажет дәрі-дәрмек қоры бар. Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының облыстық филиалының мамандары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді көктемгі зерттеу жұмыстарын жүргізіліп жатыр", – деді Әнуар Төлебеков.

Шегірткенің табындық емес түрлері бойынша аумақты өңдеу 27 мамырда басталады.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда шегірткеге қарсы күреске 50-ден астам дрон жұмылдырылды


"Жұмыстарды авиацияны қолдана отырып, мердігер ұйымдар жүргізетін болады. 83,45 мың гектар жер өңделуге жатады. 20 мамырдан бастап итальяндық прус түрлерін қоса алғанда үймелеп жүретін шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар тоғыз жер үсті бүріккіш, екі аса жеңіл ұшақ, дельтаплан және төрт агродронның көмегімен жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.