Танымал француз актрисасы Брижит Бардо отадан кейінгі ем-дом шараларын қабылдап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Nice-Matin басылымының жазуынша, Францияның аңыз актрисасы үш аптадан бері медициналық мекемеде жатыр.
"Француз киносының аңызы әрі жануарлар құқықтарының белсенді қорғаушысы ауыр дертпен күресуде. Жағдайының нашарлауына байланысты ол Сен-Тропе-дегі үйін тастап, Тулон қаласындағы ауруханаға жатуға мәжбүр болды", – делінген ақпаратта.
Жергілікті БАҚ соңғы бірнеше күннен бері актрисаның ауруханадан шығу жөнінде қауесет тарап жатқанын, дегенмен, оның беті әрі бері қарай қоймағанын жазуда.
Happy 91st Birthday Brigitte Bardot! Born Today, September 28, in 1934...
Over 40 films including And God Created Woman, Le Mépris, Viva Maria, A Very Private Affair... #botd
Fun Fact: Born in Paris, began as a ballet dancer before modeling and actinghttps://t.co/v4zMVAKUKr pic.twitter.com/O1na9ZhDud
— Classic Movie Hub (@ClassicMovieHub) September 28, 2025
Брижит Бардо қыркүйек айында 91 жасқа толды. Ол 20 ғасырдың 50-70 жылдарындағы әлемдік кинематографияның аңызы саналады. Актриса 21 жылдық мансабында 45 фильмге түсіп, 70-тен астам ән жазған. Кинокарьерасын 1973 жылы аяқтағаннан кейін, ол жануарлар құқықтарын қорғаушыға айналып, 1986 жылы өз қорының негізін қалады.
Бұған дейін желіде 67 жастағы Роза Рымбаеваның спортзалдағы суреті тарап, жұртты таңғалдырғанын жазғанбыз.