Астанада пешпен жылытылатын жер үйде тұратындарға өтемақы төленеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, катты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек жан басына шаққанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің төрт еселенген мөлшерінен аспайтын және өзінде де, отбасы мүшелерінде де басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, пешпен жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі (жалға алушысы) немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері (жалға алушысы) болып саналатын келесі санаттағы азаматтарға беріледі:
- жасы бойынша зейнеткерлерге;
- мүгедектігі бар адамдарға;
- мүгедектігі бар балаларға;
- әлеуметтік мәні бар аурулары бар адамдарға;
- көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға;
- жетім балаларға;
- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
- балалар үйлерінің түлектеріне;
- асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтарға (бірге тұратын 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға олар 23 жасқа дейін күндізгі бөлімде оқитын балалар үшін) көрсетіледі.
Жылыту маусымына берілетін өтемақы мөлшері – 16 АЕК (62 912 теңге).
Бiр жеке меншiк тұрғын үйде қатты отын сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бiрнеше адам тұрса, өтемақы тек бiреуiне ғана берiледi.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз