Кей жерлерде түнгі аяз сақталып, тұман түседі, желдің күшеюі болжанады.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 17 қазан күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Солтүстік және орталық аймақтарда – Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында жауын-шашынсыз, бірақ салқын ауа райы сақталады.
Түнде ауа температурасы -1…-10°С, күндіз +4…+10°С шамасында болады.
Астанада түнде -3…-5°, күндіз +8…+10°С жылы болады.
Шығыс өңірлерде – Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде ауа температурасы -7…-10°С дейін төмендейді, күндіз +3…+8°С шамасында болады. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
Батыс облыстарда – Батыс Қазақстан мен Атырау өңірлерінде кей жерлерде жаңбыр және қар ұшқындауы ықтимал. Түнгі температура 0…+5°С, күндіз +8…+15°С жылы.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 2025 жылы 847 мыңнан астам отбасы мемлекеттік жәрдемақы алды
Маңғыстау мен Ақтөбе облыстарында күн бұлтты, кей өңірлерде аздаған жауын жауады. Күндіз ауа температурасы +10…+18°С.
Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарында ашық, жылы ауа райы күтіледі. Түнде аздап салқындап, кей жерлерде топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін. Күндіз +15…+26°С аралығында жылы болады.
Жамбыл, Қызылорда облыстарында күн жылы әрі желсіз болады. Түнде +3…+10°С, күндіз +19…+24°С аралығында.