Көршілердің айтуынша, пәтерде зейнеткер мен оның 36 жастағы ұлы тұрған.
Мәйіттер табылған кезде пәтерден өзіне-өзі қол жұмсау туралы хат табылды. Онда қылмыстың себебі ретінде әкесінің өлімі көрсетілген. Біраз уақыт бұрын ер адамның әкесі қайтыс болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Павлодар облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
"Павлодар қалалық полиция басқармасы қала тұрғынын өлтіру және оның ұлының өз-өзіне қол жұмсауы фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаймын", – дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Сафуан Жампейісов.
Анықталғандай, күдікті қылмыс жасағаннан кейін өз-өзіне қол жұмсаған.