"Қазгидромет" РМК 17 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірқатар өңірде қолайсыз ауа райы болатынын хабарлап, ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 1-6 градус үсік күтіледі. Алматы қ.: 17 қазанда түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с күтіледі.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде 4-9 градус үсік күтіледі.
Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз