Қазақстан үкіметі тұрғын үйді азаматтар үшін қолжетімді ету үшін ипотекалық несиелеуге өзгерістер енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үкіметтің Telegram-каналында хабарланғандай, базалық мөлшерлеменің көтерілуіне байланысты екінші деңгейлі банктер тарабынан ипотекалық бағдарламалар бойынша ұсыныстардың қысқаруы аясында тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесін қолдау туралы шешім қабылданды.

"Халық үшін арзандатылған ипотекалық несие көлемі екі есе ұлғаяды, бұл тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Аталған шара қолданыстағы "Наурыз" және "Наурыз-Жұмыскер" бағдарламалары арқылы несиелеу көлемін 500 млрд теңгеге дейін ұлғайту жолымен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар сұранысқа ие "Әскери баспана" бағдарламасы қайта іске қосылады, ол жыл сайын кемінде жеті мың әскери қызметшінің отбасына жаңа үйден бөлек, қайталама нарықтан да пәтер сатып алуға мүмкіндік береді.

Құрылыс компанияларымен осы бағдарламалар шеңберінде салынатын тұрғын үй құрылысы бойынша офтейк-келісімшарттар жасалады. Бұл ретте құрылыс салушылар үш жылға бағаны бекіту бойынша қарсы міндеттемелер қабылдайды", — делінген үкімет хабарламасында.

Баспана news

  • Мемлекет қарапайым халық үшін 1 пайыздық ипотека ұсынды
  • Бір жылда Қазақстанда жаңа және қолданыстағы тұрғын үй бағасы неше пайызға өсті
Больше по этой теме

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз