Қарағандыда 15 жастағы қызға зорлық жасады деп айыпталған 39 жастағы ер адамға үкім шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайы
2025 жылы ақпанда кәмелетке толмаған қызға анасы мен өгей әкесі сотталушы К.-мен (сол кезде 38 жаста болған — еск.) некеге тұруды ұсынған. К.-ның жасын білген соң кәмелетке толмаған қыз некеден бас тартқан. Сот мәліметінше, қыздың қарсылығына қарамастан, наурызда өгей әкесі оны К.-мен бірге Қарағандыға жіберген.
"К. жәбірленушінің жасы кәмелетке толмағанын анық біле тұра, оны зорлаған", — деп жазылған сот мәліметінде.
Сот үкімі
Сот үкімімен К. ҚК-тің 120 б. 3-1-б. 1) т. бойынша кінәлі деп танылып, оған 17 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, оған өмір бойы педагогикалық лауазымдарда және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарда қызмет атқаруға тыйым салынды.
Сондай-ақ, сот прокурордың атына жәбірленушінің анасы мен өгей әкесінің әрекетінде қылмыс құрамы бар-жоғын тексеру үшін жеке қаулы шығарды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!