Бұған дейін ҚХФ директоры болған Сәкен Мұсайбековтың "Барыс" хоккей клубының бас директорлығына тағайындалуына байланысты өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтады.

"Қазақстанның хоккей федерациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс республикалық конференциясының шешімімен Азамат Серікұлы Айтхожин Қазақстан хоккей федерациясының Бас директоры лауазымына сайланды.

Азамат Айтхожинның спорт саласындағы басқарушылық тәжірибесі мол. Ол бірқатар ұйымдар мен ведомстволарда шешуші қызметтер атқарды. Оның ішінде Астана қаласы туризм және спорт департаменті дене шынықтыру және спорт басқармасының спорттық нысандар басшысы болып қызмет етті.

Әр жылдары "Астана" футбол клубын басқарған, сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясының Вице-президенті, Атқарушы директоры және Бас хатшысы қызметтерін атқарды.