2028 жылға қарай Оңтүстік Корея астанасы Сеулде алғашқы азаматтық ядролық бункер салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Korea Herald басылымының мәліметінше, бұл бункер тұрғындарды ядролық, биологиялық немесе химиялық шабуылдардан қорғауға арналған. Баспана бұрын Сондон тергеу изоляторы орналасқан Гарак-донг ауданындағы көпқабатты тұрғын үй кешенінің астына салынады.

Қорғанның жалпы ауданы шамамен 2100 шаршы метрді құрайды, 1020 адамға ықшамдалып салынған. Заманауи желдету, су жинау, сумен жабдықтау және канализация жүйелерімен жабдықталады. Адамдар онда 14 күнге дейін қауіпсіз жағдайда бола алады.

"핵 공격 14일 생존" 송파구 아파트 지하에 ‘핵·화생방 벙커’ 짓는다

> 그냥 어쩐지 악의 무리가 마약같은거 편하게 할수있는 장소 마련해주는 그런 느낌이랄까 pic.twitter.com/4bJCLnwnNG

— ❄wïntër_/ᐠ._.