Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Блогер Нұрбек Нұртазаның ісі қаржылық тексеруге жіберілді

Нұрбек Нұртаза ұтыс ойындарын өткізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қаржылық мониторинг агенттігі қазақстандық блогер Нұртаза Нұрбекке (Justking31) қатысты материалдарды қаржылық мән-жайларды анықтау үшін уәкілетті органға жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Justking-ке қатысты материалдарды уәкілетті органға жолдадық. Олар аталған қызмет нәтижесінде қандай сомалар алынғанын және қанша қаражат жұмсалғанын анықтайды. Барлық факті нақтыланып, материалдар ұсынылғаннан кейін біз бұл әрекеттерге құқықтық баға береміз, – деді Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жеңіс Елемесов Сенат кулуарында.

Бұған дейін блогер Instagram желісінде ұтыс ойындарын өткізгені үшін әкімшілік жауапқа тартылған болатын.