FOX Business-тің жазуынша, техника Қытайда жасалып, Аньхой провинциясының Хэфэй қаласында таныстырылған.

VT35 атты өздігінен жүретін және ұшатын такси – EHang Holdings компаниясының өнімі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі күні қытай компаниясы EHang өзінің "autonomous flying taxi" (жүргізушісіз әуеде жүретін такси немесе дрон-такси) жобасын нақты жасап, оны коммерциялық қолдануға рұқсат та алып үлгерген.

Екі орындық ұшақ басқарудың автономды жүйелерімен, электр қозғалтқышымен және ықшам корпусымен жабдықталған. Бұл қалалық жерлерде 160 шақырымға дейінгі ұзақ қашықтыққа ұшуды қауіпсіз етеді. Тиімділігі де бар.

– Ұшақ сегіз тік ұшып көтерілу және қону бұрамасымен жабдықталған, яғни VT35 шатырларға, тұрақтарға және басқа құрылымдарға қона алады. Екі орындық ұшақта сонымен қатар былғары қап пен бақылау тақтасы, ойын-сауық орталығы қызметін атқаратын сенсорлық экран интерфейсі бар, – делінген хабарламада.

Десе де, ұшақ әрі таксидің жаһандық нарыққа нақты шығарылатын күні жарияланбады. Кей деректерге сай, оның бағасы шамамен 913 000 АҚШ доллары болмақ.