Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Ильхам Әлиев жақында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Мемлекет басшысының шақыруымен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев жақында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметіне сүйенсек, бұл сапар 20-21 қазан күндеріне жоспарланған.

“Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Сонымен қатар президенттер Жоғары мемлекетаралық кеңеске және Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумына қатысады”,- делінген мәліметте.

Бұған дейін президенттің Олжас Бектеновке экономикалық реформалар бағдарламасын жеделдетуді тапсырғанын жазғанбыз.