Бас қаланың Сарыарқа ауданында, Республика даңғылы бойындағы бес қабатты қонақүйден өрт шыққан, деп жазады Egemen.kz.

2-ден 5-қабатқа дейінгі электр қалқандарында электр сымдары жанып, өрт 12 метр аумақты шарпып өткен.

Қаланың ТЖД күштері 50 адамды эвакуациялаған оған қоса тағы 8 адамды, оның ішінде 2 баланы, үш иінді саты және арнайы құтқару маскаларының көмегімен құтқарған.