Әділет Қожанбаев жаңадан сайланған әкім ретінде алғаш рет семейліктерге үндеу жасады. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қожанбаев атап өткендей, 15 қазанда ол ресми түрде жаңа қызметіне кірісті.
"Құрметті жерлестер, қадірлі семейліктер! Киелі Семей – Алаштың жері, ұлы тұлғалардың түлеген киелі мекені, ұлт руханиятының, ғылым мен білімнің, мәдениет пен өркениеттің ордасы. Бүгін, осы киелі мекеннің әкімі ретінде өз қызметіме кірістім. Ендігі мақсатым – ұлы мұраны сақтап, Семейдің дамуы жолында біріге еңбек ету.
Қадірлі жерлестер! Сіздердің сенімдеріңіз – мен үшін ең үлкен жауапкершілік. Әрбір шешімде халықтың мүддесі, қаланың келешегі басты орында болмақ! Өркендеген, заманауи әрі жайлы Семейді бірге құрайық!", — деп жазды өз үндеуінде Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз