Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қазанда "Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл" мерекелік медалі туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Медаль Қазақстан Республикасының Парламентінің 30 жылдығына орай және қазақстандық парламентаризмнің дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан Қазақстан мен шетел азаматтарын марапаттау мақсатында тағайындалды.
Сонымен қатар мерекелік медальмен наградтау ережеcі де бекітілді.
Медальға ұсыну туралы ұсыныстарды ҚР Президентіне Парламент палаталарының төрағалары, Үкімет, Конституциялық сот, Жоғарғы сот, министрліктер мен өзге де орталық мемлекеттік органдар, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері және қоғамдық бірлестіктер енгізеді.
Мерекелік медальді ҚР Президенті табыстайды.
Президенттің атынан және тапсырмасы бойынша медальді келесі тұлғалар табыстауы мүмкін:
- ҚР Мемлекеттік кеңесшісі;
- Парламент палаталарының төрағалары;
- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері;
- Президент өкілеттік берген өзге де лауазымды тұлғалар.
Медаль салтанатты жағдайда тапсырылады және марапатталушыға жеке табысталады. Марапаттау кезінде ҚР Президентінің тиісті Жарлығы жария етіледі.
Әрбір марапатталған азаматқа медальмен бірге белгіленген үлгідегі куәлік беріледі.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.