2025 жылғы 14 қазанда Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) футбол құрамас2026 әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Bafana Bafana (ОАР құрамасының лақап атауы) өз тарихында төртінші рет, ал 2010 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатына қатысады.

Осыған дейін бельгиялық бас бапкер Уго Бросстың шәкірттері өз алаңында Руанда құрамасын 3:0 есебімен жеңіп шықты. Бұл жеңіс құрамаға Африка аймағының С тобының іріктеу кезеңінде бірінші орынға көтеріліп, чемпионатқа өтуге мүмкіндік берді. Құрама 18 ұпай жинап, жақсы көрсеткішпен алға жылжыды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от FIFA World Cup (@fifaworldcup)

Шешуші матчта жеңіс голдарын соққан ойыншылар:

  • Таленте Мбата,
  • Освин Апполлис,
  • Эвиденс Макгопа.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от FIFA World Cup (@fifaworldcup)

Осылайша, Оңтүстік Африка құрамасы 16 жылдық үзілістен кейін әлемдік додаға қайта оралып отыр.

Бұған дейін Футболдан Қазақстан құрамасының Лихтенштейнді жеңгеннен кейін кестедегі орыны қалай өзгергенін жазғанбыз.