Черногория Еуропалық одаққа мүше болуға үміткер елдердің арасында көш бастап тұр және 2028 жылы ЕО-ға толыққанды мүше болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен Черногорияға жасаған ресми сапары барысында RTCG телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Черногория 2025 жылға дейін барлық келіссөздерді аяқтауға бел буған, ал Еурокомиссия ел билігінің 2028 жылы ЕО-ға кіру жөніндегі ниетін толық қолдайды.

"Біз сіздердің 2028 жылы 28-ші ел ретінде қатарымызға қосылу жайлы амбицияларыңызды қолдаймыз. Мұндай мақсаттар бізге ұнайды", – деді Урсула фон дер Ляйен баспасөз конференциясында.

Яғни, Еурокомиссия Черногорияның 2028 жылы ЕО-ға қабылдануына қолдау білдіретінін ашық айтты.

Черногория 2010 жылы Еуроодаққа үміткер ел мәртебесін алған. Ел билігі бастапқыда Брюссель жоспарлағандай Сербиямен қатар кіру процесін емес, жеке жолмен дамуды көздеп, соған сәйкес жұмыс жүргізіп келеді.

Бұған дейін Мадагаскар президентінің елін тастап, мемлекеттен қашып шыққанын жазған болатынбыз.