Биылғы экономика саласындағы Нобель сыйлығы инновациялық экономикалық өсу жолын түсіндір­ген ғалымдарға берілді. Жүлденің жартысы АҚШ-тағы Солтүстік-Батыс университетінің қызмет­кері Джоэл Мокирге бұйырды. Ал қалған жартысын Франс колледжінің қызметкері Филипп Агион мен Лондон экономика мектебінің қызметкері Питер Хоуитт бөлісті.

Ғалымдар инновацияның одан әрі ілгерілеуге қалай серпін беретінін түсіндірді. Швеция Ғылым академиясы өз мәлімдемесінде:

«Соңғы екі ғасырда адамзат тарихта алғаш рет тұрақты экономикалық өсім кезеңін бастан өткерді. Бұл миллиондаған адамның кедейліктен шығуына жол ашып, қазіргі өркендеудің берік іргетасын қалады», деп атап өтті.