"Барыс" қатарынан алтыншы матч жеңіліс тапты .

"Барыс" өз айдыныдағы матчтар сериясын "Сібірге" қарсы матчпен жалғастырды. Шабуыл шебінде жарақат алған Максим Мұхаметов пен Эмиль Галимовтың орнына Роман Старченко мен Вячеслав Колесников, қорғаныста Дмитрий Бреустың орнына Әділ Бекетаев шықты. Қақпаны Андрей Шутов қорғады.

Астаналықтар ойынды өте белсенді бастап, алғашқы кезеңде қарсылас қақпасына екі шайба соқты. Алдымен Самат Данияр басымдықты сәтті пайдаланып, маусымдағы алғашқы голын соқты. Ал көп ұзамай Тайс Томпсон қарсылас қақпасы маңындағы қарбаласта екінші мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, есепті еселей түсті.

Новосібірлік хоккейшілер шабуылдың нәтижесінде есеп айырмасын қысқартты. Владимир Ткачёвтың соққысы мен бірнеше рикошеттен кейін шайба Андрей Шутовтың қақпасына кіріп кетті. Осыдан кейін айдын иелері қысқа уақыт аралығында тағы екі гол өткізіп алды. Гол авторлары Владислав Кара және Скотт Уилсон.

Соңғы кезеңнің басында "Барыстың" ұзаққа созылған шабуылы Райли Уолштың дәл соққысымен түйінделді. Бұл шайба матчтағы соңғы гол болды.

Нәтижесінде жеңімпаз тағы да буллит сериясында анықталды және бұл жолы да "Сібір" хоккейшілері басым түсті — 3:4.

16 қазанда Михаил Кравецтің шәкірттері өз алаңында "Авангардты" қабылдайды.