Оқу-ағарту министрлігінің Бала құқықтарын қорғау комитеті 14 жастағы оқушы қыздың босану оқиғасына байланысты ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта оқушы мен нәрестенің жағдайы тұрақты.
"Қыз балаға қажетті психологиялық көмек көрсетілді. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмағанның мүддесін қорғау мақсатында жағдай өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бақылауында", — делінген комитет хабарламасында.
Айта кетейік, бүгін Ақтөбе облысында 14 жастағы қыздың босанғаны туралы ақпарат тарады. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, күдікті адам анықталып, қамауға алынды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз