Қазнетте Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында (мәтінде Уилск деп берілген) 14 жастағы 9-сынып оқушысының бала босанғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, бұл оқиғаға қыздың әжесінің күйеуінің қатысы болуы мүмкін. Ол қызбен туыстық байланыста емес.
Аталған ақпаратқа қатысты өңірлік полиция департаменті түсініктеме берді.
"Бұл дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті адам анықталып, қамауға алынды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ құқық бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", — делінген полицияның хабарламасында.
Сонымен қатар, ведомство мәліметінше, қазір кешенді тергеу және процессуалдық шаралар жүргізілуде. Істің барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.