Ұлттық банктің ресми бағамы — 537,77 теңге.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,92 теңгеге қымбаттап, 538,63 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 537,77 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 540,01 теңгеден сатып алынады, 542,25 теңгеден сатылады. Еуро 622,37 — 627,41 теңге, ал рубль 6,62 — 6,75 теңге аралығында саудаланады.


Оқи отырыңыз: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайызға дейін көтерді


Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 538,54 теңгеден сатып алынады, 544,57 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу — 622,51 теңге, сату — 630,54 теңге. Ал рубль 6,64 — 6,80 теңге аналығында саудаланып жатыр.