Алматы облысының Талғар және Қарасай аудандарында , сондай-ақ Қонаев қаласында прокурорлар ауысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жалпы прокурордың өкімімен Қонаев қаласының прокуроры болып Жәнібек Жақаев тағайындалды.
Жанібек Жақаев еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Медеу ауданындағы прокурор көмекшісі ретінде бастаған. Ол кейін Алматы облысы Қарасай аудандық прокуратурасында аға прокурор, 2014 жылы – Талғар аудандық прокуратурасының прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2019 жылы Алмалы аудандық прокуратурасында прокурор, аға прокурор және прокурордың орынбасары қызметтерін атқарған. 2022–2025 жылдар аралығында Алматы облысы Қарасай аудандық прокуратурасының прокуроры болып жұмыс істеді. Жалпы еңбек өтілі – 21 жыл 10 ай.
Талғар аудандық прокуратурасының жаңа прокуроры болып Жайнарбек Мынбаев тағайындалды.
Оның прокуратура органдарында 18 жылдан астам еңбек өтілі бар, соңғы 7 жылын Бас прокуратурада қызмет еткен.
Қарасай аудандық прокуратурасын да жаңа басшы – Айдос Чорманов басқармақ.
Ол еңбек жолын 2000 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы прокуратурасының прокурор көмекшісі ретінде бастаған, кейін түрлі лауазымдарда жұмыс істеген: прокурор, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау бөлімінің басшысы, орындаушы өндіріс бойынша бөлім басшысы. Жалпы 25 жыл ішінде Алматы, Павлодар және Алматы облыстары прокуратурасында әртүрлі қызметтер атқарған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Семей қаласында да жаңа әкім сайланған болатын. Ол – Адлет Кожанбаев.