Барлық препарат сараптамаға жіберілді.
Қарағандыда ірі көлемдегі дәрі-дәрмектерді заңсыз тасымалдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тексеру кезінде анықталғандай, 40 жастағы Астана қаласының тұрғыны басқарған көліктен Тропикамид препаратының 82 қаптамасы, Прегабин Рихтер 30 препаратының 6 қаптамасы және Мидакс препаратының 240 қаптамасы тәркіленді.
Аталған факті бойынша есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер күдікті мен оның сыбайластарын анықтау және тәркіленген препараттардың шығу жолдарын зерттеу жүргізілуде.