Бұл мәселе бұған дейін жалғыз Мақат ауданына тән болған. Елді мекенге ұзындығы 16 шақырымға жететін талшықты оптикалық байланыс желісі тартылды. Бұрын жерасты кабель каналдары арқылы және әуелік байланыс бағаналары арқылы жүргізілген жүйенің сапасы төмен болатын. Енді интернеттің жылдамдығы секунднына 8 мегабиттен 500 мегабитке артады. Осылайша мың жарымнан аса абонент сапалы ғаламторға қол жеткізеді. Келер жылы ауданға қарасты Доссор кенті мен Бәйгетөбе ауылы да осындай мүмкіндікке ие болады.

Шынар Жұмағалиева, жоба жетекшісі:

- Жылдың аяғына шейін «Бостандық» көшесінің абоненттері, сонымен қатар Әлиев көшесінің 89/1, 90/1 тұрғын үйлерінің абоненттерін жоғарғы жылдамдықты талшықты-оптикалық байланыс жүйесін ауыстыру жоспарлануда. Жалпы жылдың аяғына дейін талшықты-оптикалық байланыс желісін Мақат кенті бойынша толығымен желіні құрастыру жұмыстарын аяқтау жоспарымызда бар.