Әнші бір жасар Халид Йылдыздың тұсауын кесіп, балаға ақ батасын берген.
Әлемге әйгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген Мехикодағы елшілікке барып, қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, кездесу кезінде Димаш Құдайберген Қазақстан елшісі Алмұрат Тұрғанбековпен бірге тоғызқұмалақ ойнаған.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген жуырда Мехикоға барып, 25 мыңнан астам көрерменге концерт берген еді.