2025 жылғы 14 қазаннан бастап Microsoft компаниясы Windows 10 операциялық жүйесіне қолдауды тоқтатып, оған жаңартулар шығаруды доғарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Компанияның мәліметінше, 14 қазаннан бастап техникалық көмек, компоненттерге жаңартулар және қауіпсіздік жүйесіне қатысты өзгерістер енгізілмейді.
"Егер сіздің құрылғыларыңызда Windows 10 орнатылған болса, оларды Windows 11 жүйесіне жаңартуға кеңес береміз — бұл заман талабына сай, қауіпсіз әрі тиімді есептеу ортасы", – делінген хабарламада.
Құрылғыңыз Windows 11 жүйесінің техникалық талаптарына сай келмесе, Windows 10 тұтынушыларына арналған кеңейтілген қауіпсіздік жаңартулары (ESU) бағдарламасына тіркелу немесе Windows 11 жүйесін қолдайтын жаңа құрылғы сатып алу ұсынылады.
"Аңызбен қоштасып жатырмыз", – деп қимастықпен жазды Windows 10 қолданушылары.
Бұған дейін Lamborghini-дің есіксіз жаңа суперкар шығарғанын жазғанбыз.