"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылдың 28 мамыры мен 30 мамыры аралығында еліміздің үш ірі қаласында ауа райының егжей-тегжейлі болжамын ұсынды. Мамандардың айтуынша, Шымкентте үш күнде де жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласының ауа райы болжамы
28 мамырда: құбылмалы бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз желдің екпіні секундына 18 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 22-24 градус жылы.
29 мамырда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 22-24 градус жылы.
30 мамырда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел әлсірейді. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 22-24 градус жылы.
Алматы қаласының ауа райы болжамы
28 мамырда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 21-23 градус жылы.
29 мамырда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 23-25 градус жылы.
30 мамырда: құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз желдің екпіні секундына 13 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 21-23 градус жылы.
Шымкент қаласының ауа райы болжамы
28 мамырда: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Желдің екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 26-28 градус жылы.
29 мамырда: құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 26-28 градус жылы.
30 мамырда: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 25-27 градус жылы.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанға қар жауып, нөсер жауын тағы да жақындап келе жатқанын хабарлаған болатын.