Қазіргі уақытта экстрадицияланған азамат тергеу изоляторында қамауда.
2025 жылғы 11 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросымен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген елордалық алқаның бұрынғы адвокатын шетелден Астанаға экстрадициялады, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
ҰҚК мәліметінше, күдікті аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген айыппен 2023 жылдан бері әділ соттан жасырынып жүрген.
Қазіргі уақытта экстрадицияланған азамат тергеу изоляторында қамауда.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
Оқи отырыңыз: Алматыда синтетикалық есірткі таратып жүрген жас жігіт ұсталды