Сапар барысында WADA делегациясы елордадағы бірқатар спорт нысандарын аралайды .

Бүгін Астанаға WADA президенті Витольд Банька бастаған делегация келді. Қонақтарды Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Ұлттық допингке қарсы орталық директоры Майра Бақашева және министрлік өкілдері қарсы алды.

Сапар барысында делегация спорт федерацияларының, Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдерімен, спортшылармен және студенттермен кездесу өткізіп, елордадағы бірқатар спорт нысандарын аралайды. Негізгі мақсат – Қазақстандағы допингке қарсы саясат мәселелерін талқылау.

Айта кетейік, WADA – спорттағы допингке қарсы күресті үйлестіретін тәуелсіз ұйым. Оның басты құжаты – Дүниежүзілік допингке қарсы кодекс, ал негізгі міндеті – допингке қарсы саясатты насихаттау, үйлестіру және бақылау.