Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева елдегі құқықбұзушының портреті қандай екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Талдау нәтижесі қылмыскерлердің 80 пайызы жұмыссыз екенін, үштен бірі бұрын сотталғанын көрсетіп отыр. Тұлғаға қарсы қылмыстардың 30 пайызы мас күйде жасалады", – деді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов үкімет сағатында.
Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева елдегі құқықбұзушының портретіне тоқталды.
"Жыл сайын шамамен 60 мың адам қылмыстық құқықбұзушылық жасайды. Олардың ішінде 85 пайызы – ер адамдар, ал 15 пайызы – әйелдер. 93,8 пайызы (56 788 адам) – Қазақстан азаматтары, 2,9 пайызы (1 783 адам) – ТМД елдерінің азаматтары мен шетелдіктер. Қылмыстық құқықбұзушылықты көбіне 21 жастан 39 жасқа дейінгі тұлғалар жасайды. Бұл жас категориясы барлық құқықбұзушылықтың жартысынан астамын құрайды. Құқықбүзушының әлеуметтік портреті: 20-40 жас аралығындағы ер адам, жұмыссыз (77 пайызы), жоғары білімі жоқ (81 пайызы), мас күйінде (15 пайызы) құқық бұзады", – деді депутат.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз