"Қазгидромет" РМК 14 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер еліміздің 15 облысында күн райы бұзылатынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың орталығында сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік- шығыстан жел соғады, екпіні — 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, төтенше өрт қаупі сақталады.
14-17 қазанда Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Түнде облыстың таулы аудандарында сынап бағаны 1 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталағында нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында тұман түседі деп күтіледі.
Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Абай облысының батысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз