Бұл туралы Ресейдің Қолданбалы геофизика институты (ИПГ ФМБУ) мәлімдеді.
Қазіргі уақытта Жердің магнит өрісінің бұзылу деңгейі G1 дәрежесінде тұр. Бұл – 5 балдық шкала бойынша ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы зертханасының жетекшісі Сергей Богачев ағымдағы күн цикліндегі ең ұзақ магниттік дауылдардың бірі енді ғана аяқталғанын хабарлаған еді.
Магниттік дауылдар кезінде адамдардың хәл-жағдайы нашарлауы мүмкін.
Терапевт және кардиолог Ольга Мининаның айтуынша, мұндай уақытта әлсіздік, ашуланшақтық, ұйқышылдық, бас ауруы мен жүрек соғысының бұзылуы байқалады.
Дәрігердің кеңесі бойынша, магниттік белсенділік кезеңінде артық жұмыс істемеу, көбірек демалу және күйзелістен аулақ болу – ең дұрыс шешім.