Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 13 қазанда АҚШ Президенті Дональд Трампты Газа секторы бойынша дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты Газа секторындағы көптен күткен бейбітшілікті орнатуда елеулі дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады, делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті саяси ерік-жігерінің мықтылығын және халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім орнатуға шынайы ұмтылысын толық таныта білді деп санайды.