Биыл Ішкі әскердің батырларының ерлігіне 30 жыл толды.
Ақмола облысының Атбасар қаласында, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінің 4-ші жеке атқыштар ротасында 1995 жылғы 7 сәуірде Тәжік-ауған шекарасында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан 17 әскери қызметшіге арналған мемориалдың салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Іс-шараға 5510 әскери бөлімінің қолбасшылығы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, құқықтық тәртіп әскерлерінің ардагерлері мен бөлімнің жеке құрамы қатысты.
Мемориал бейбітшілік пен тұрақтылық үшін өмір сыйлаған, Отан алдындағы әскери борышын адал атқарған батырлардың мәңгілік бейнесінің белгісіндей. Ол болашақ ұрпақ үшін батылдық пен адалдықтың үлгісі ретінде қызмет етпек.
Салтанатты рәсім барысында жиналған қауым батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.
Бұған дейін Астанадағы Ерлік аллеясында "Ер есімі – ел есінде" ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткен болатын. Мемориалдың ашылуы Ұлттық ұланның жауынгерлік дәстүрлерін сақтаудағы және әскери-патриоттық тәрбиені нығайтудағы маңызды қадам болды.