Сергей Веселов 27 маусымда Мәдина қаласында қаржылық алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған.

Бұған дейін оның не себепті ұсталғаны белгісіз болған еді, алайда соттан кейін Сыртқы істер министрлігі жағдайдың мән-жайын түсіндірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

27 маусымда Мәдина қаласында қаржылық алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған.

3 қыркүйекте өткен сот отырысында Сергей Веселов кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айырылды.

"Министрлік Сергей Веселовқа қолдау көрсетуді жалғастырады және оның құқықтарының сақталуын қатаң бақылауда ұстайды", – делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Айта кетейік, жазда Сергей Веселовтың әкесі әлеуметтік желіде үндеу жариялап, ұлының 19 маусымда Астанадан Ыстанбұлға демалуға кеткенін, кейін байланыс үзілгенін хабарлаған. Кейін оның Мәдинада ұсталғаны анықталды, бірақ ұзақ уақыт бойы себебі белгісіз болып келген.

19 жастағы Сергей Веселов – Шығыс Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, пауэрлифтингтен әлем және Азия чемпионатының жүлдегері.