Әзірге бұл мәселені қайта қарастырудың уақыты келген жоқ.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан көшпелі Үкімет сағатының кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жақында Қырғызстанда өлім жазасы қайта енгізілуі мүмкін деген жаңалық тарады. Бұған елдегі соңғы резонанстық оқиға себеп. Депутаттан бұл тәжірибені қайтару керек пе деп нақтыладық.

"Өз басым заңгер ретінде бұл мәселеге қарсымын. Өйткені тергеу мен соттың қателігі деген нәрсе әзірге әлемде бар құбылыс. Соның ішінде ТМД елдерінде де бұл үлкен мәселе. Мен бұрын депутат болмай тұрып, адвокат ретінде де осы өлім жазасына қарсы болғанмын. Сондықтан әзірге бұл мәселені қайта қарастырудың уақыты келген жоқ деп санаймын", – деді мәжілісмен редакция тілшісінің сауалына берген жауабында.