Депутат Наталья Дементьева 2025 жылғы 13 қазандағы көшпелі Үкімет сағаты кезінде Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілердің өлімі мен өз-өзіне қол жұмсау фактілері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол басқа аналар сияқты оны да армиядағы қайғылы оқиғалар алаңға салатынын айтты.

"Бұл оқиғаларды жеке қайғылы жағдайлар ретінде қарастыруға болмайды. Бұл армиядағы тәрбие жұмысында жүйелі мәселенің бар екенін, ол бірнеше жылдан бері шешілмей келе жатқанын көрсетеді. Мұндай жағдай қоғамның Қарулы күштерге ғана емес, жалпы мемлекеттік институттарға деген сеніміне нұқсан келтіреді", – деді депутат.

Осыны айта келе депутат мәселені шешу үшін не істеліп жатқанын сұрады:

"Қашанға дейін аналар бейбіт заманда өз ұлдарын әскерге жіберуден қорқып отыра береді?"

Бұған жауап ретінде Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев мұндай оқиғалардың негізгі себептерін атады.

"Қарулы Күштер қоғамда және отбасында болып жатқан жаман және жақсы шындықтармен бетпе-бет келеді, мысалы, көшедегі балалар, мектептердегі жағдай, есірткінің таралуы. Мың баланың бірі ғана әскердегі шектеулерге байланысты психологиялық күйзеліске ұшырауы мүмкін", – деді ол.

Сонымен қатар, ол Қарулы күштерде ғана емес, азаматтық секторда да психикалық денсаулық орталықтарының мүмкіндіктері барынша пайдаланылып жатқанын қосып айтты.

"Сондай-ақ жасанды интеллект базасында Telegram – боттар әзірленіп, пайдалануға берілді. Жаңа сервис тәулік бойы және жасырын түрде әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына стресстер мен қиын жағдайларды жеңуге көмектеседі. Сондай-ақ, қарулы күштер мен басқа да әскерлер мен құралымдардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылды, олар жүйелі түрде қолда бар психодиагностикалық әдістерді қарастыратын болады",-деп толықтырды вице-министр.

Алайда Мәжіліс вице-спикері Дания Еспаева мәселені кеңірек қарау қажеттігін айтты.

"Егер бұл мәселені тек психологтар арқылы ғана шешуге болады деп ойласа, онда бұл мәселе бұрын шешілген болар еді. Мұнда, әрине, әскери бөлімдерде жұмыс істеу қажет", – деп кеңес берді ол.

Бұған дейін депутат Снежанна Имашева қазақстандықтардың неліктен полицияға сенбейтінін түсіндіріп берген болатын.