Тергеу жүргізіліп жатыр.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қарағандыдағы полиция пунктінде болған оқиғаға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін Қарағандыда полиция пунктінен әйел адамның мәйіті табылғанын жазғанбыз. Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полицей қызметкері де болған.
"Бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Түрлі нұсқалар тексеріліп жатыр. Бұл іс менің бақылауымда. Адам көз жұмды, қасында полицей де болған. Тергеу жүргізіліп жатыр", – деді ІІМ басшысы.
Тілшілер полиция қызметкерінің мәртебесі қандай екенін нақтылап сұрады.
"Менің білуімше, ол қазір ауруханада жатыр. Бастапқыда анықтаған кезде ол коматозды күйде болды. Қызметінен шеттетілді. Осы жағдайға қатысты қандай да бір қорытынды бере алмаймын. Іс қозғалды. Біз бәрін егжей-тегжей тексереміз. Бұл жақсы жағдай емес. Қоғам білгісі келеді. Әрине, бұл біздің ведомствоның ең жақсы жағы емес", – деп жауап берді Ержан Сәденов.