Мұны Кувейттегі Қазақстанның елшісі Ержан Елекеев мәлімдеп отыр.
ҚР СІМ хабарлауынша, ол Al Mawashi компаниясының бас атқарушы директоры Ахмед Әл-Маджедпен кездескен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Қазақстан Кувейтке жоғары сапалы халал еттің тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етуге және кувейттік серіктестермен ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін сенімді шарттарды ұсынуға дайын тұр.
Al Mawashi өкілі Австралияның тірі мал экспорты нарығы уақыт өте келе жабылғаннан соң компания жеткізудің жаңа бағыттарын белсенді түрде қарастырып жатқанына тоқталды. Олар қазақстандық нарыққа ерекше қызығушылық танытқан.
Қазақстан елшісі Al Mawashi-мен әріптестікті дамыту табиғи ресурстарға, кең жайылымдарға және қазіргі заманғы қайта өңдеу инфрақұрылымына ие Орталық Азиядағы ет өнімдерін ірі өндірушілер мен экспорттаушылардың бірі болып саналатын Қазақстанның мүдделеріне толық сәйкес келетінін жеткізді.
Еске салайық, Al Mawashi (Livestock Transport & Trading Company K.P.S.C.) компаниясы – 1973 жылы құрылған және Таяу Шығыстағы тірі мал мен ет өнімдерін тасымалдау және сату бойынша ең ірі операторлардың бірі. Компанияның штаб-пәтері Кувейтте орналасқанымен, олар БАӘ, Оңтүстік Африка, Австралия және басқа елдерде де белсенді жұмыс істейді. Жылдық операциялар көлемі 1 млн мал басынан асады, ал жиынтық айналым 200 млн доллардан көп деп бағаланған.
Қорыта айтқанда, компания Қазақстанды Парсы шығанағы елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі серіктестердің бірі ретінде қарастырып отыр.